Иранда евангелиистік топқа ауқымды операция

Евангелиистік топқа бағытталған операцияда көптеген адамның тергеуге алынғаны білдірілді.

1098862
Иранда евангелиистік топқа ауқымды операция

Иранда тікелей Израильге бағынғаны алға тартылған евангелиистік топқа бағытталған операцияда көптеген адамның тергеуге алынғаны жарияланды.

Иранның жартылай ресми хабар агенттігі Мехр неше адамның тергеуге алынғаны жайлы мағлұмат бермесе де, «Көптеген сионист-христиан шетелдіктен тұратын евангелистік топ ұйым тарапынан өздеріне берілген тапсырмамен өздерін жасыру мақсатты ирандық адам аттарын қолданған» делінді.

Операцияда барысында «Иранды жаулап алудың картасы», «Исламның қасиетті жерлері мен пайғамбарды қорлау» деп аталған жоспар мен құжаттар табылғаны атап көрсетілді.

Сионист-христиан ретінде аталған евангелиист топ мүшелері әсіресе АҚШ-тыңішкі және сыртқы саясатында ықпалды.

Евангелисттердің АҚШ-тың Иерусалимді «Израильдің астанасы» ретінде қабылдау шешіміне де ықпалдар болғаны пайымдалуда.



Ұқсас жаңалықтар