Азия Парлементтер Ассамблеясының аты өзгереді

Азия Парлементтер Ассамблеясы Азия Парламентіне өзгереді

1098585
Азия Парлементтер Ассамблеясының аты өзгереді

Азия Парлементтер Ассамблеясының Бас хатшысы Доктор Мұхаммед Рыза Масжиди Азия Парлементтер Ассамблеясын Еуропа Парламенті сияқты Азия Парламенті ретінде өзгертуді нысанаға алғандарын атап көрсетті.

Бас хатшы Масжиди Азия Парлементтер Ассамблеясында биылғы тақырыптың Азиядағы экономикалық байлықты жоғарлату үшін аттанысқа келтіру болатынын айтты.

Қорғау саясаттары күн тәртіпке келіп отырған бүгінгі күнде аймақтық экономикалық ынтымақтастықты дамыту тақырыбында өздеріне ауыр міндеттер жүктеліп отырғанын тілге тиек еткен Масжиди:

"Үлкен-20 саммиті өтіп жатқан бүгінгі таңда Азия елдері Үлкен-20 саммитіне мүше елдердің экономикалық тұрғыдан жол бастаушы күші ерекшелігін қалыптастырып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, біз жахандық қорғаушылық саясаттарымен күрестің Үлкен-20 саммитінде талқылануы керектігін дұрыс көріп отырмыз" деп көрсетті.

Азия Парлементтер Ассамблеясының міндеттеріне және Азия Парламентін құру нысаналарына да тоқталған Масжиди мыналарды да айтты:

Азия Парлементтер Ассамблеясы 2006 жылы Азия үшін Бейбітшілік Парламентерлер Одағының жетінші жиналысында құрылды. Басқаша айтқанда,  Азия Парлементтер Ассамблеясы 1999 жылы құрылған бір ұйымның жалғасы болды. Түркия Президенті Ердоғанның және ТҰҰМ төрағасы Йылдырымның Азия Парлементтер Ассамблеясына жасаған қолдаулары ұйымымыздың құнын жоғарлатты. Енді біз осы ұйымды Еуропа Парламенті сияқты Азия Парламенті ретінде өзгертуді нысанаға алып отырмыз." 

 



Ұқсас жаңалықтар