Ресей Украинаның шешіміне наразылық көрсетті

Украина орыс ер азаматтарын еліне кіргізбейді

1098101
Ресей Украинаның шешіміне наразылық көрсетті

 

Ресей Украинаның орыс ер азаматтарының Украинаға кірулерін шектеу шешіміне наразылық көрсетті.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Мария Захарова баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, Украина мен елордасы Киевте болып жатқан оқиғаларды "Мемлекеттік жүйедегі жұмыстың бұзылуы" деп бағаландырды.

Украинаның орыс ер азаматтарының Украинаға кіруін шектеу шешімін бағаландырған Захарова "Мұндай шешімдер ел әкімшілігінің жабайы қимылдарының нәтижесі" деп көрсетті.

Украина президенті Петро Порошенко "16-60 жастар арасындағы орыс ер азаматтарының еліне кіруіне шектеме қойып, негізінде орыс армиясының өкілдері болғандардың елімізде арнаулы жасақтар ұйымдастыруын шектеуіміз керек" деген болатын.

Украина Қаратеңіздегі Керш Бұғазы маңында Орыс соғыс кемелерінің  25 қараша күні Украина соғыс кемелеріне қарумен килігуі себепті елінде төтенше жағдай жариялаған еді.

Украинада 28 қарашадан бастап 30 күндік уақытпен төтенше жағдай жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар