Мысырдың Гиза қаласында 8 мумия табылды

Гиза қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында 3 мың жылдық 8 мумия табылды.

1096345
Мысырдың Гиза қаласында 8 мумия табылды

Мысырдың Гиза қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында 3 мың жылдық 8 мумия табылды.

Мысыр тарихи жәдігерлер министрлігі жасаған мәлімдемеде Гиза қаласындағы Дехшурда, Ежелгі Мысырда 12-ші патшалық перғауындарының бірі Нубкауре Аменемхат (Nubkaure Amenemhat) II-ге тиесілі (Біздің заманымыздан бұрынғы 1929–1895 жылдары) пирамиданың оңтүстігінде жүргізілген археологиялық қазбаларда кейбір жазбалы тас табыттардың табылғаны атап көрсетілді.

Тарихи Жәдігерлер Жоғары Кеңесі хатшысы Мұстафа Везири де аймақта тамыз айында басталған археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде шығарылған тас табыттарда 8 мумия бар екенін білдірді.

Біздің заманымыздан бұрынғы 1085-332 жылдарына тиесілі екені болжалған мумиялардан үшеуінің жақсы қалпында сақталғанын атап көрсеткен Везири тақырыппен байланысты егжей-тегжейлі мағлұмат бермеді.



Ұқсас жаңалықтар