Франция президенті өзекті мәселелер бойынша мәлімет берді

Эммануэль Макрон жанармай салықтарын 3 айда бір тексеріп отыратынын білдірді.

1096201
Франция президенті өзекті мәселелер бойынша мәлімет берді

Франция президенті Эммануэль Макрон жанармай салықтарын 3 айда бір тексеріп отыратынын білдірді.

Эммануэль Макрон елде 10 күннен бері наразылық акцияларына себеп болған жанармай салықтарын мұнай бағасына сәйкестендіріп отыратындарын айтты.

Президент қоршаған орта және климат өзгерісі тақырыптарындағы іс-қимыл жоспары және жанармай салығына қарсы акциялар жөнінде мәлімет берді.

Акциялардың үлкен тәртіпсіздіктерге айналғанын атап көрсеткен Макрон қазіргі проблемалардың 40 жылдан бері жиналып қалған мәселелер екенін айтты.

Ел көлемінде «сары жейделілер» деп аталған шерушілер соңғы бір жылда жанармай бағасының 20 пайыздан артық артқанына орай он күннен бері акция ұйымдастырып келеді.

Оқиғаларда 2 адам қаза тауып, 780 адам жарақат алды.  Олардың 141-і – қауіпсіздік қызметкерлері. 794 шеруші қамауға алынып, 9 адам бас бостандығынан айрылды.



Ұқсас жаңалықтар