НАТО Украинаның территория тұтастығын қолдайды

Столтенберг Одақтастың Украинаның территория тұтастығы мен егемендігін қолдайтындарын білдірді.

1095545
НАТО Украинаның территория тұтастығын қолдайды

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Одақтастың Украинаның территория тұтастығы мен егемендігін қолдайтындарын білдірді.

Столтенберг Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО-Украина комиссиясының жедел жиналысынан кейін ортақ баспасөз жиналыс өткізді.

Столтенберг ортақ баспасөз жиналысында «НАТО-ның барлық мүшелері Украинаның территория тұтастығы мен егемендігін қолдауда. Ресейге Украинаға тиесілі кемелер мен әскерлерін дереу қайтарып беруі жөнінде үндеу тастаймыз» деген сөздер қолданды.

Ресей мен Украина арасында болған дағдарыстың өте қауіпті екеніне назар аударған Столтенберг «Украина кемелеріне Ресейдің шабуыл жасауы заңсыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар