НАТО-дан Азов теңізі дағдарысы тараптарына шақыру

НАТО Азов теңізінде Керч бұғазы маңындағы жаңалықтарды жақыннан қадағалағанын атап, тыныштық сақтауға шақырды.

1095046
НАТО-дан Азов теңізі дағдарысы тараптарына шақыру

НАТО мәлімдемешісі Оана Лунгеску тақырыппен байланысты жасаған мәлімдемеде «Керчь бұғазы маңындағы оқиғаны жақын қадағалаудамыз. Украиналық лауазымдылармен де байланыстық. Тараптарды тыныштық сақтауға және дағдарысты азайту шараларын іске қосуға шақырамыз» деді.

Лунгеску НАТО-ның Украинаның егемендігі, шекара тұтастығы және кемелерінің теңіз айдынында еркін жүзу тақырыптарында қолдағанын еске салып, «Ресей Федерациясын халықаралық заңдарға сай Азов теңізінде орналасқан Украина порттарына кедергісіз қатынауды қамтамасыз ету жөніндегі шақыруымызды қайталаймыз» деді.

НАТО басшыларының шілде айында ұйымдастырылатын Брюссель саммитінде Украинаға берген қолдауларын қайталағандарын жеткізген Лугеску Ресейдің Қырым, Қаратеңіз және Азов теңізін әскери аймаққа айналдыру бастамаларының Украинаның тәуелсіздігіне қауіп төндіргенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар