Ханзада шетелге шықты

Тақ мұрагері кейбір елдерге сапарлай барады.

1093307
Ханзада шетелге шықты

Сауд Арабиясының тақ мұрагері, ханзада Мұхаммед бин Селман саудтық журналист Хашхаджи өлтірілгеннен кейін бірінші рет шетелге шықты.

Сауд Арабиясының ресми ақпарат агеттігінің хабарлауынша әмеңгер ханзада кейбір араб елдеріне кетті.

Тақ мұрагерінің Король Селман бин Абдулазиздің нұсқауымен елдің өңірлік және халықаралық қатынастарын нығайту мақсатымен сапарға шыққаны айтылды.

Елдегі Әл Жазира арнасы ханзаданың алғашқы аялдамасының Біріккен Араб Әмірліктері екенін хабарлады.

Энергия министрі Халид Абдулазиз әл Фалих те ханзаданың Аргентинада өтетін G-20 саммитіне қатысатынын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар