Сирия режимі атысты тоқтату бітімін қайтадан бұзды

Асад режимі мен жақтаушы террористік топтар атысты тоқтату бітіміне қарамастан жазықсыз ауылдарды нысанаға алды.

1089923
Сирия режимі атысты тоқтату бітімін қайтадан бұзды

Сириядағы Башар Асад режимі мен қолдау берген шетелдік террористік топтар атысты тоқтату бітіміне қарамастан «Идлиб дағдарысты азайту аймағы» ішіндегі азаматтық тұрғын аймақтарына ауыр қарулы шабуылдарын жалғастыруда.

Асад режимі мен жақтаушылары азанғы уақыттан бері Идлибтің оңтүстік ауылдық аймақтарында Джердженаз мен Теманийе аудандарына қоса Сукейк, Ум Джелал, Тель-Меннис, Хиш, Баболинжәне Катра ауылдарына зеңбірек және зымырандармен шабуылдады.

Шабуылдағы адам шығыны жайлы ақпарат берілмеді.

17 қыркүйек күні қол қойылған Сочи келіссөздерінен бері режимнің шабуылдарында жалпы 25 жазықсыз адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар