С.Корея жаңа технологиялық қару сынағын жасады

Ким Чен Ын "жаңа жоғары технологиялық қаруды" сынауға қатысты.

1089383
С.Корея жаңа технологиялық қару сынағын жасады

Солтүстік Корея жаңа технологиялық қару сынағын жасады. Жаңа қару сынақтан сәтті өтті.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын "жаңа жоғары технологиялық қаруды" сынауға қатысты. Бұл туралы 16 қараша күні Солтүстік Кореяның мемлекеттік KCNA ақпарат агенттігі хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын  12 маусымда  Сингапурде кездескен. Келіссөз қорытындысында келісім жасалып, ол бойынша Пхеньян Корей түбегін ядролық қарудан арылту міндетін мойнына алған. Ал Вашингтон Корей түбегіндегі қауіпсіздікке кепіл болып, экономикалық санкцияларды жоятын болған. Солтүстік Корея сонымен қатар АҚШ-қа "Хвасон-15" зымыранын сынаған полигонды жоюға уәде берген.

Бірнеше күн бұрын америкалық сарапшылар Солтүстік Кореяда 20 шақты зымыран базасы барын, Пхеньянның оларды жасырып отырғанын мәлімдеген. Сарапшылар ол базалардың 13-інің орналасқан жерін анықтаған.



Ұқсас жаңалықтар