Қылмыстылардың әділет органдарына тапсырылуын сұрады

БҰҰ саудтық журналисттің ісіне орай мәлімдеме жасады.

1089115
Қылмыстылардың әділет органдарына тапсырылуын сұрады

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дужарик Саудтық журналист Джемал Хашхаджи қылмысына араласқандардың барлығының әділетке тапсырылуына шақырды.

Дужарик күнделікті баспасөз брифингінде Хашхаджидің өлтірілуіне және халықаралық тергеу шақыруларына байланысты сұрақтарға жауап берді. Ол марқұм журналисттің ісін жақыннан қадағалап отырғандарын білдірді.  «Осы аяусыз қылмысқа араласқандардың барлығының әділетке тапсырылғанын көргіміз келеді» деді ол.

Дужарик ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның халықаралық тергеу ашылуы жөніндегі сөзіне орай жазбаша талап келмегенін және халықаралық тергеу үшін бас хатшыға бір өкілеттік керектігін білдірді.

Саудтық журналист Джемал Хашхаджи 2 қазан күні Сауд Арабиясының Стамбулдағы бас консулдығында аяусыз түрде өлтірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар