НАТО Бас хатшысы маңызды мәлімдеме жасады

Столтенберг баяндамасында Түркияның Ирак және Сириядағы тұрақсыздыққа қарсы күрес жүргізгенін де атап өтті.

1087005
НАТО Бас хатшысы маңызды мәлімдеме жасады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Еуропаның террормен күресу тақырыбында Түркия сынды маңызды елмен ынтымақтастық жасамай, бұның жүзеге асыруының мүмкін емес екенін айтты.

Берлиндегі «German Atlantic Society» атты ұйымда баяндама жасаған Столтенберг Еуропа Одағы мүшесі болмаған елдердің Еуропаның қауіпсіздігінде маңызды рөл атқарғанын айтты.

Еуропаның өз қорғаныс қабілетін дамыту жөніндегі талпыныстарына риза болғанын айтқан НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг қарым-қатынастарды күшейту арқылы НАТО-ны тіпті қуаттандыратынын білдірді.

Йенс Столтенберг Ұлыбританияның Одақтан шығуынан кейін НАТО-ның қорғанысының 80 пайызының Еуропа Одағы мүшесі емес елдер тарапынан қамтамасыз етілгеніне назар аударды.

Столтенберг баяндамасында Түркияның Ирак және Сириядағы тұрақсыздыққа қарсы күрес жүргізгенін де атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар