Сомалиде AMISOM күші әскерлеріне бомбалы шабуыл

Жолға орналастырылған бомбаның жарылуы салдарынан Африка Одағы Сомали қызметіне (AMISOM) қарасты 3 әскер қаза тапты.

1083322
Сомалиде AMISOM күші әскерлеріне бомбалы шабуыл

Сомалидің Могадишо қаласының шығысында жолға орналастырылған минаның жарылуы салдарынан Африка Одағы Сомали қызметіне қарасты (AMISOM) 3 әскер қаза тапты.

Жарылыстың артынан AMISOM әскерлері айналаға оқ атып 4 жазықсыз адамның қаза табуына себеп болды.

Куәгерлерге қарағанда Могадишоның шығысындағы Хельва аумағындағы бір тоғысқа орналастырылған жарылғыш AMISOM-ға тиесілі бір керуен өтіп жатқан кезде жарылып, 3 AMISOM әскері қаза тапты.

AMISOM әскерлерінің айналаға оқ атуы салдарынан 4 жазықсыз адамның қаза табуының артынан ондаған адам шеруге шықты.

Кейбір жолдарды көлік қатынасына жапқан ереуілшілер үкіметтен жазықсыз адамдардың өліміне себеп болғандардың сотталуын талап еткен ұрандар тастады.

Коммуникация министрлігі жасаған мәлімдемеде үкіметтің оқиғамен байланысты тергеу бастағаны атап көрсетілді.

Аш-Шабаб террор ұйымы болса өз баспасөзі арқылы жасаған мәлімдемеде шабуылдың жауапкершілігін мойындап, AMISOM керуеніне бағытталған шабуылда 3 әскерді өлтіргендерін, 7 әскерді де жарақаттағандарын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар