АҚШ президенті орыс әріптесімен Аргентинада бас қоспақ

АҚШ президенті Трамп Ақ Үйдің ауласында баспасөз өкілдерінің күн тәртібімен байланысты сұрақтарына жауап қайтарды.

1082259
АҚШ президенті орыс әріптесімен Аргентинада бас қоспақ

АҚШ президенті Дональд Трамп,  айдың соңында Аргентинада өткізілетін Үлкен жиырмалық елдері саммитінде Ресей президенті Владимир Путинмен бас қосатынын атап көрсетті.

АҚШ президенті Трамп Ақ Үйдің ауласында баспасөз өкілдерінің күн тәртібімен байланысты сұрақтарына жауап қайтарды.

10-11 қараша күні Францияның бас қаласы Парижде өтетін Атысты тоқтату бітімі күніне қатысатын Трамп осында Ресей президенті Владимир Путинмен бас қосу жоспарламағанын білдірді.

Трамп Путинмен Париж бағдарламасы жайлы «Парижде бір кездесу болып болмайтынын біле алмаймын. Ойымша болмайды» деді.

Трамп Путинмен Аргентинада өтетін Үлкен жиырмалық елдері саммитінде бас қосатынын мәлімдеді.

Трамп сондай-ақ АҚШ-тың БҰҰ Тұрақты мүшесі Никки Халлейдің орнына осы аптаның соңына қарай үміткерін жариялайтынын да атап айтты.

АҚШ медиасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі ретінде міндет атқарған Хеатер Науерттің (Heather Nauert) Трамптың үміткерлер тізімінің басында екені алға тартылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар