Вашингтон пост газеті жаңа бір акция бастады

Газет Кашыкчы қастандығымен байланысты жарнамалар жариялайтындарын мәлімдеді.

1076149
Вашингтон пост газеті жаңа бір акция бастады

Вашингтон пост газеті Сауд Арабиясының Стамбұлдағы Бас консулдық ғимаратында өлтірілген сауд журналист Джемал Кашыкчы үшін жаңа бір акция бастағанын жариялады.

Газеттің Халықаралық көзқарас бөлімі редакторы Карен Аттиах жеке әлеуметтік медиа парақшасынан Кашыкчы қастандығымен байланысты сандық және баспа күйінде жарнамалар жариялайтындарын мәлімдеді.

Аттиах жолдамасында «Вашингтон пост бүгіннен бастап, журналист Джемал Кашыкчының жауыздықпен өлтірілуімен байланысты сұрақтардың жауабын іздеу үшін жаңа бір қатар сандық және баспа күйінде жарнамалар дайындайды» делінді.

Алғашқы жарнамада Сауд ханзада Мұхаммед ибн-Селманның фотосуреті үстіне «Вашингтон пост тілшісі Джемал Кашыкчы 2 қазан сейсенбі күні Сауд Арабиясының Стамбұлдағы бас консулдық ғимаратына барды және сол жерде жауыздықпен өлтірілді. Шындықты талап етіңіз» делінді.

Вашингтон Пост газеті тілшісі сауд текті журналист Джемал Кашыкчы (Хошогги) 2018 жылы 2 қазан сейсенбі күні ресми жұмыстармен Сауд Арабиясының Стамбұл Бас консулдығына барған соң із-түссіз жоғалған болатын.

Сауд Арабиясы әкімшілігі болса 20 қазан күні Кашыкчының «консулдық ғимаратында шыққан бір араздасуда өлгенін» жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар