Сирияда соңғы бір аптаның ішінде 3 мешіт бомбаланды

АҚШ күштері Сирияның Дейр-уз Зор қаласында тағы бір мешітті нысанаға алды.

1075540
Сирияда соңғы бір аптаның ішінде 3 мешіт бомбаланды

АҚШ басшылығындағы коалиция күштері Сирияның Дейр-уз Зор қаласында бір мешітті нысанаға алды. Шабуылда 7 жазықсыз адам қаза тапты.

Дейр-уз Зордағы жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда кеше кешкі уақытта коалиция ұшақтары Хечин ауданындағы Зевийе мешітін бомбалады.

ДАИШ-ке қарсы күрес коалициясы ұшақтары 18 қазан күні де Дейр-уз Зордың Сүсе ауданындағы Аммар ибн-Ясер мешітіне шабуылдаған болатын. Шабуылда 2 бала барлығы 30 адам қаза тапқан еді.

Бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK мен ДАИШ қақтығысқан Сүсе ауданында коалицияның 19 қазан күні жұма намазының артынан Осман ибн-Аффан мешітіне жасаған шабуылда 16 жазықсыз адам қаза тапқан болатын.

Дейр-уз Зорда коалицияның соңғы бір аптаның ішінде бомбалаған 3 мешітте барлығы 53 жазықсыз адам қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар