Мурсидің баласы қамауға алынды

Абдуллахтың қайда әкетілгені белгісіз.

1066031
Мурсидің баласы қамауға алынды

Мысыр қауіпсіздік күштері елдің демократиялық жолмен сайланған бірінші президенті Мұхаммед Мурсидің баласы Абдуллах Мурсиді қамауға алды.

Мурсидің үлкен ұлы Ахмет Мурси Каир қаласының батысындағы үйлеріне басқын ұйымдастырған қауіпсіздік күштерінің інісі Абдуллахты қамауға алғанын айтты.

Абдуллахтың қайда әкетілгені белгісіз.

Ал елдің ресми органдарынан әлі мәлімдеме келмеді.

Мысыр қауіпсіздік күштері Абдуллах Мурсиді 2014 жылдың наурыз айында есірткіден қамауға алып, үш айдан кейін 1 жылға сотталып, Жоғары сот та үкімді 2015 жылы бекіткен болатын. Абдуллах Мурси болса өзіне бағытталған айыптауларды қабылдамаған болатын.

Мұхаммед Мурсидің 5 баласы бар.



Ұқсас жаңалықтар