Араб лигасынан Еуропаға шақыру

Араб лигасы БҰҰ Палестиналық босқындарға көмек агенттігінің қаржы қиыншылықтарын шешуге шақырды.

1064961
Араб лигасынан Еуропаға шақыру

Араб лигасы бас хатшысы Ахмед Әбу Гайт Еуропа елдерін БҰҰ Палестиналық босқындарға көмек агенттігінің (UNRWA) қаржы қиыншылықтарын шешуге шақырды.

Араб лигасы жазбаша хабарлама жариялап,  Әбу Гайттің Испанияның Барселона қаласындағы «Жерорта теңізі үшін бірлік 3-ші аймақтық форумында» сөз сөйлегенін білдірді.

Әбу Гайт Араб лигасының 2019 жылы Мысырда Араб-Еуропа ортақ саммитін ұйымдастыруға дайындалып жатқанын білдірді.  Осы жиналыстарда Жерорта теңізінің екі жағалауына қатысты мәселелерді талқылауды үміт еткендерін де атап көрсетті.

Әбу Гайт Палестина проблемасының шешім табылмаған мәселелердің басында екенін атап айтып: «Еуропалық серіктестерімізді Израиль басқыншылығын доғаратын,  астанасы Шығыс Иерусалим болатын Палестина мемлекетінің құрылуын қамдайтын саяси шешімнің қайта жандандырылуы және БҰҰ Палестиналық босқындарға көмек агенттігінің қаржылай қиыншылықтарын шешуге шақырамыз» деді.

UNRWA-ға өткен жылы 365 миллион доллар көмек берген Америка Құрама Штаттары осы ұйымға қаржылай көмегін толығымен тоқтатуға шешім берді.

АҚШ-тың шешімінен кейін агенттіктің қаржылай дағдарысы басталды.



Ұқсас жаңалықтар