Жапонияда Халықаралық Африка өркендеу конференциясы

Жапония мен Африка елдерінің министрлері және жоғары деңгейлі лауазымдылары Африкадағы жобаларды қолға алуда.

1063879
Жапонияда Халықаралық Африка өркендеу конференциясы

Жапония мен Африка елдерінің министрлері мен жоғары деңгейлі лауазымдылары әртүрлі тақырыптарда көзқарас алмасу мақсатты Жапонияның бас қаласы Токио қаласында бас қосты.

Кйодо (Kyodo) агенттігінің хабарына қарағанда Жапония мен 50-ден астам Африка мемлекетінен келген лауазымдылар инфрақұрылым, инфрақұрылымды жетілдіру және денсаулық қызметтері сияқты әртүрлі тақырыптарды қолға алу үшін Токиода ұйымдастырылған Халықаралық Африка өркендеу конференциясына қатысты.

Жапония Сыртқы істер министрі Тара Коно жиналыспен байланысты мәлімдемесінде Жапонияның «Тәуелсіз және ашық Индо-Тынық мұхит стратегиясы» құрамында Африка мен Азия арасындағы ынтымақтастықтың жетілдірілуін нысанаға алғандарын атап көрсетті.

Коно халықаралық стандарттар аясында Африкаға қажетті жәрдемді қамтамасыз етудің маңызына назар аударды.

Қатысушылардың конференцияда Африка жобаларын қолға алатыны атап көрсетілді.

2016 жылы болып өткен алдынғы конференцияда Жапония 3 жылдық кезең үшін Африкаға 30 миллиард доллар инвестиция салуға уәде берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар