НАТО-ның әскери жаттығуына Ресейден наразылық келді

Ресей НАТО-ның шекараларында жүзеге асыратын «Trident Juncture 2108» әскери жаттығуына наразылық көрсетті.

1061289
НАТО-ның әскери жаттығуына Ресейден наразылық келді

Ресей НАТО-ның айдың соңында шекараларында жүзеге асатын «Trident Juncture 2108» әскери жаттығуына наразылық көрсетті.

Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Мария Захарова «Ресей қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды» деді.

Захарова НАТО әскери жаттығуымен байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Норвегияның АҚШ теңіз күштері әскерлерін өз жеріне қоныстандыруының «достыққа жатпайтын қадам» ретінде бағалағанын атап көрсеткен Захарова Ресей шекараларында 30-дан астам елден 40 мыңнан астам әскер қатысатын аталмыш жаттығудың НАТО-ның Норвегия тарихындағы ең үлкен жаттығуы болатынына назар аударды.

Захарова алдынғы қатарлы НАТО елдерінің Ресей шекарасында әскери болмысын арттырғанын атап, «НАТО-ның бүкіл осы дайындықтары байқаусыз қалдырылмайды. Ресей қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды» деді.

НАТО-ның «Trident Juncture 2018» әскери жаттығуы Норвегияда 25 қазан күні басталады.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг осы жаттығудың одақтың соңғы жылдардағы ең үлкен жаттығуларының бірі болатынын жариялаған еді.

Столтенберг мәлімдемесінде тек қана «қорғаныс мақсатты» жүзеге асатын әскери жаттығуға 31 елден шамамен 45 мың әскерге қоса, 150 ұшақ, 60 кеме және 10 мыңнан астам көліктің қатысатынын мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар