Индонезиядағы жер сілкінісінде 1203 адам қаза тапты

Сулавеси аралында ценами салдарынан қаза тапқандар саны 1203  адамнан асты.

1059965
Индонезиядағы жер сілкінісінде 1203 адам қаза тапты
endonezya deprem1.jpg

Индонезияның Сулавеси аралында болған жер сілкінісі мен цунами салдарынан қаза тапқандар саны 1203  адамнан асты.

«The Jakarta Postun» хабарына қарағанда Индонезия Ұлттық апат және төтенше жағдай басқармасы мәлімдемешісі Суторо Пурво Нугрохо Астана Джакартада баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Сулавеси әкімшілігінің апаттан кейін аймақта 28 қыркүйектен 11 қазанға дейін төтенше жағдай жариялағанын жеткізді.

Еске салайық, жұма, 28 қыркүйек күні Паулу қаласына жақын орналасқан Сулавеси аралында 6,1 және 7,4 магнитудасымен екі жер сілкінісі болды. Қуатты жерасты дүмпулері биіктігі екі метрден асқан цунамидің туындауына әкеп соқтырды. Соңғы мәліметтер бойынша, 832 адам қаза болды. Бұған дейін ажал құшқан 420 адам туралы айтылған еді. Ел үкіметі бұл сан әлі де артуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Индонезияда жер сілкінісіне қарамастан жұмыс орнында қалған 21 жастағы әуе диспетчерін соңғы сапарға шығарып салды.



Ұқсас жаңалықтар