Ирандағы опасыз шабуылда 25 адам қаза тапты

Иранның Ахваз қаласында жасалған қарулы шабуылда қаза тапқандар саны 25-ке көтерілді.

1054847
Ирандағы опасыз шабуылда 25 адам қаза тапты

Иран мемлекеттік арнасы Иран-Ирак соғысының жылдығына орай Ахвазда ұйымдастырылған әскери шеру рәсімін нысанаға алған террор шабуылында жаралылардың санының 60 екенін жариялады.

Қаза тапқандар арасында бір полковник пен бір жүзбасыға қоса 17 әскер бар екені білдірілді.

Асри Джуниб журналы қызметкері Юнус Пурхулу деген журналисттің де қаза тапқандар арасында екені хабарланды.

Иран Төнкеріс сарбаздары мәлімдемешісі Рамазан Шариф шабуылды Әл-Ахвазийе атты ұйымның жасағанын, осы топтың Сауд Арабиясы тарапынан қолдау берілген лаңкестік ұйым екенін де алға тартты.

Әл-Ахвазийе атымен танымал Ахваз Халықтық демократиялық майдан Иранның оңтүстік батысында тәуелсіз бір Араб билігі орнатуды нысанаға алған бөлшектеуші бір ұйым ретінде қабылданады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф болса твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде шабуылға АҚШ пен аймақтық жақтастарының жауапты екенін атап көрсетті.

Иран Бас штаб басқармасы мәлімдемешісі генерал-майор Әбулфазл Шикарчи болса АҚШ, Израиль және Сауд Арабиясын Ахваздағы шабуылдың жауапты екенін алға тартып, «Осы шабуыл жауапсыз қалдырылмайды» деді.

Шикарчи 4 шабуылдаушының қаруларын бірнеше күн бұрын Басра Шығанағындағы елдерден сатып алғанын және рәсім өтетін алаңға алдын ала жасырғандарын жариялады.

Шикарчи 3 шабуылдаушының оқиға орнында өлтірілгенін, біреуінің болса ауруханаға апарылған кезде қаза тапқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар