Нетаньяху Путинге телфон шалып көңіл айтты

Израиль премьер-министрі Сирияда құлатылған әскери соғыс ұшағындағы экипаж үшін орыс басшыға Израиль халқы атынан көңіл айтты.

1052369
Нетаньяху Путинге телфон шалып көңіл айтты

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Ресей президенті Владимир Путинге телефон шалды.

Израиль премьер-министрлік офисі жасаған мәлімдемеге қарағанда Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Сирияда құлатылған әскери соғыс ұшағындағы экипаж үшін Израиль халқы атынан көңіл айтты.

Мәлімдемеде Нетаньяхудың әңгіме барысында сондай-ақ Израиль мен орыс армиялары арасында қақтығыстың алдын алу мақсатты 2015 жылы құрылған және сол күннен бері екі жақтың әскер шығындарының көп рет алдын алған механизмді жалғастырудың маңызына назар аударылғаны жеткізілген.

Мәлімдемеде Израиль премьер-министрі елінің Ресейге тиесілі әскери ұшағының құлауымен байланысты қолдағы барлық ақпаратты Ресеймен бөлісуге дайын екені атап көрсетілген.

Нетаньяхудың «Ресейге тиесілі әскери ұшақтың құлатылуына Асад режимінің жауапты екенін» білдіргені атап көрсетілді.

Премьер-министр Нетаньяхудың сондай-ақ Израильдің Иранның Сириядағы болмысын алдын алу тақырыбында табанды екенін тілге тиек еткені білдірілді.

Ресей Қорғаныс министрлігі алдынғы күні Сирияда 15 әскермен бірге радардан жоғалған орыс İl-20 әскери ұшағының Сирия режиміне тиесілі S-200 әуе қорғаныс жүйесі тарапынан құлатылғанын мәлімдеген болатын.

Оқиға себепті Израильді айыптаған Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу «Сирияда құлаған орыс әскери ұшағы мен экипажының жауапкершілігі Израильде» деген еді.

Путин жасаған мәлімдемеде болса «Сирияда орыс ұшағының құлатылуы трагедиялық оқиғалардың бір шынжыры сияқты көрінеді» деген және Израильді айыптамаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар