БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жиналды

БҰҰ Қауіпсіздік Идлибтегі оқиғаларды талқылау үшін жиналды.

1048134
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жиналды

БҰҰ Қауіпсіздік Идлибтегі оқиғаларды талқылау үшін жиналды.

Америка Құрама Штаттарының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Никки Хейли Ресей және Асад режимінің Идлибте 100-ден астам әуе шабуылы ұйымдастырғанын білдірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Ресейдің талабы бойынша Президент Режеп Тайып Ердоған, Ресей Президенті Владимир Путин және Иран Президенті Хасан Руханидің жұма күні Тегеранда өткізген саммитінің қорытындылары мен Идлибтегі оқиғаларды талқылау үшін жиналды.

Америка Құрама Штаттарының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Никки Хейли бұл жерде жасаған баяндамасында «Ресей, Иран және Асад режимі саяси шешімді құптамайды. Түркия олардың тұғырын өткен апта аңғарды. Түркия Идлибте атысты тоқтатуды талап етуде, бірақ Ресей мен Иран Түркияның осы ұсынысын қабылдамады» деді.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя да Тегеран саммитінің қорытындылары жөнінде кеңеске мағлұмат берді.

Небензя Идлибте оң мыңдаған Эл-Нусра және террор ұйымы ДАИШ мүшесінің болғанын баяндап, Ресей, Иран және Түркияның Сирияда террор қалдықтарын тазалау тақырыбында бірдей көзқараста екендерін жариялағанын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар