Ресей мен Асад күштері шабуылдады

Ресей мен Асад күштері Идлиб және Хама қалаларына шабуылдады.

1046553
Ресей мен Асад күштері шабуылдады

Сирияда Башар Асад әкімшілігі мен Ресейдің әуеден шабуылында 17 адам жарақат алды. Ресей мен Асад күштері Идлиб және Хама қалаларына шабуылдады.

Жергілікті хабар көздерінен алынған мәліметке қарағанда,  Ресей мен Асад күштерінің ұшақ пен тікұшақтары таңғы уақыттан бастап Идлибтің оңтүстігіндегі Хабит, Женераз, Хиш, Темениа және Хаманың Латамне аймақтарын әуеден атқылауда.

Шабуылдар нәтижесінде 17 адам жарақат алды.

Жарақат алғандар арасында екі бала да бар. Олар Женераз аймағында бір мектепке жасалған шабуыл барысында жарақаттанған.

Азаматтық Қорғаныс директоры Мұстафа Хадж Юсуф «Таңғы уақыттан бері жүргізілген шабуылдарда 17 адам жарақат алды.  Олардың көбі әйелдер мен балалар» деді.



Ұқсас жаңалықтар