Палестина Азаттық ұйымының кеңсесін жабады

АҚШ Палестинаға қаржылай көмекті де тоқтатқан болатын.

1046242
Палестина Азаттық ұйымының кеңсесін жабады

Америка Құрама Штаттары президент Трамп әкімшілігі Вашингтондағы Палестина Азаттық ұйымының кеңсесін жабады. 

Американың «Wall Street Journal» газетінде орын алған хабарда осы туралы мәлімдемені Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон жасайтыны айтылды.

Хабарда Болтонның Палестина Азаттық ұйымы шешімімен байланысты қолданатын мәтіннің жобасы да орын алды.

Осыған қарағанда,  Болтонның «АҚШ дос және одақтасымыз Израильмен бірге.  Палестиналықтар Изриальмен тікелей келіссөздерді бастауға қарсы шыққан сайын Трамп әкімшілігі осы кеңсесі ашық ұстамайды» деген сөздер қолданатыны айтылды.

АҚШ әкімшілігі БҰҰ Палестиналық босқындарға көмек ұйымына берген қаржылай көмегін толығымен тоқтатуға шешім қабылдаған болатын. АҚШ президент Дональд Трамп алдынғы аптада Палестина әкімшілігі АҚШ басшылығында Израильмен жүргізілуі көзделген бейбітшілік келіссөздеріне қатысуды қабылдағанға дейін Палестинаға қаржылай көмек бермейтінін білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар