Сириялық босқындар үшін 271 миллион доллар қажет

Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар жоғары комиссарлығы мәлімдеме жасады.

1044297
Сириялық босқындар үшін 271 миллион доллар қажет

Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар жоғары комиссарлығы (UNHCR) сириялық босқындардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жедел түрде 271 миллион доллар керек екенін жариялады.

UNHCR-дың Иорданияның астанасы Омандағы кеңсесінен жасалған жазбаша мәлімдемеде аталмыш жәрдем көлемінің Сирияның ішіндегі босқындарға қоса Түркия, Ливан, Иордания, Мысыр және Ирактағы сириялықтардың жедел қажеттіліктерін қамтамасыз ететіні атап көрсетілді.

UNHCR мағлұматтарына қарағанда төңіректегі елдерде 2,6 миллион бала барлығы 5,6 миллион босқын өмір сүреді.



Ұқсас жаңалықтар