Иран Сыртқы істер министрі Идлибтегі жаңалықтарды бағалады

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Зариф АҚШ-тың Сирия жайлы мәлімдемелері мен президенті Дональд Трамптың саяси ұстанымын сынға алды.

1043514
Иран Сыртқы істер министрі Идлибтегі жаңалықтарды бағалады

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Зариф Сирия халқына мүмкіндігінше зиян келтірмей террористерді Идлибтен шығаруға тырсқандарын алға тартты.

Зариф Иран Мәжілісі тұрғын үй комиссиясымен жасаған жиналыстың артынан мемлекеттік телеарнада мәлімдеме жасап, Идлибтегі жаңалықтар жайлы ақпарат бөлісті.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Твиттерде Сирия халқына жолдауын сынға алған Зариф Трамптың дағдарысты ортаны өзінің ішкі саяси нысаналарына қол жеткізу үшін пайдалануға тырысқанын алға тартты.

Трамптың АҚШ қоғамы алдында өзі туралы болымсыз көзқарастарды өзгерткісі келгенін және осы себепті тағы бір рет Сирия халқына қарсы басатын қадамдармен жағдайды өз мүддесіне айналдыруға тырысқанын алға тартқан Зариф АҚШ-тың радикализм және терроризммен күрес тақырыбында сынақтан өте алмағанын  тілге тиек етті.

Иран Сыртқы істер министрі Астана процесі және Сириядағы дағдарысты азайту келіссөздеріне қатысты «Қазірше Сирияда радикализм және терроризммен күрес жүргізгендер жұмыстарын жалғастыру керек. Осылар да Сирияда Астана процесі мен бейбітшілік кезеңімен дағдарысты азайту үшін лайықты қадамдарды басқандар. Егер сырттан араласушылар болмағанда бұл кезеңді одан жылдам және табысты түрде аяқтар едік» деді.



Ұқсас жаңалықтар