БҰҰ Бас хатшысының Аракан мәлімдемесі

Бас хатшы Антониу Гутерреш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Мьянма отырысында үн қатты.

1039500
БҰҰ Бас хатшысының Аракан мәлімдемесі

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш Мьянмадағы ортаның аракандық мұсылмандардың елді-мекендеріне сенімді, ерікті, абыройлы және жалғастыра аларлық түрде кері оралуы үшін жеткіліксіз екенін атап көрсетті.

Бас хатшы Антониу Гутерреш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Мьянма отырысында үн қатты.

Гутерреш өткен айдың ішінде мұсылмандар паналаған Бангладештегі Cox's Bazar босқын лагеріне барғанын еске салды.

Куә болған оқиғалардың қорқынышты екенін және Мьянма үкіметінің шақыруларға қарамастан БҰҰ-мен жұмыс істеуден бас тартқанын тілге тиек еткен Гутерреш «Мұсылмандардың көпшілігіне маңызды гуманитарлық жәрдемдерді жедел түрде  жеткізуге кедергі жасалады» деді.

БҰҰ Бас хатшысы ұйымның Аракандағы оқиғаларды «қырғын» ретінде бағалағанын және генералдардың сотталуын талап еткен рапорттарға да тоқталды.

Гутерреш жауапқа тарту механизмдерінің сенімді, ашық, бейтарап және тәуелсіз түрде жұмыс істеткізу керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар