Папаны отставкаға шақырды

Карло Мариа Вигано католиктердің рухани басшысы Папа Францискті отставаға кетуге шақырды.

1038096
Папаны отставкаға шақырды

Ватиканның Вашингтондағы бұрынғы елшісі Карло Мариа Вигано католиктердің рухани басшысы Папа Францискті отставаға кетуге шақырды.

Ол Америка Құрама Штаттарындағы «National Catholic Register» атты газетке 11 беттік хат жариялап,  Папаның отставкасын талап етті.

Вигано Папаның балаларға қиянат жасағаны үшін өткен ай отставкаға кеткен Кардинал Теодор МакГарикке байланысты айыптауларды 2013 жылдан бері білгеніне қарамастан ештеңе істемегенін алға тартты.

«Папа Франциск 2013 жылдың 23 маусым күнінен бері МакГариктің «зорлаушы» екенін біледі.  Папа кардинал МакГариктің қиянаттарын жасырған басқа да дін қызметкерлеріне үлгі болсын деп отставкаға кетуі керек бірінші тұлға» деп жазды ол.

Католик шіркеуінде «гейлердің» желісі бар екенін де алға тартып: «Осындай гей топтары жасырын түрде қозғалады, жазықсыз құрбандарын және шіркеуді де тұншықтырады» деді.



Ұқсас жаңалықтар