Ауғанстанда Талибан 170 жолаушыны алып қашты

Жолаушылардың 149-ы қауіпсіздік күштерінің операциясымен құтқарылды.

1035480
Ауғанстанда Талибан 170 жолаушыны алып қашты

Ауғанстанның солтүстік шығысында Кундуз уәлаятында Талибан 170 жолаушыны алып қашты.

Кундуз уәлаяты полиция басшысы Сафиуллах Махзен Талибан мүшелерінің Кабулға бара жатқан 3 автобусты, Кундуздың Хан Абад ауданында тоқтатып, жолаушыларды алып қашқанын атап көрсетті.

Жолаушылардың босатылуы үшін аймаққа көптеген қауіпсіздік қызметкері жіберілгенін білдірген Махзен Талибан мүшелерімен қақтығыстардың жалғасқанын мәлімдеді.

Жолаушыларды құтқару үшін аймаққа жіберілген қауіпсіздік қызметкерлері операция жасап 149 жолаушыны құтқарды.

21 жолаушының әлі Талибанның қолында екені және операция барысында 7 террористің өлтірілгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар