АҚШ шаралары Иранға қатты соққы береді

Лауазым иелері «Иранның тұғырының өзгеруін күтудеміз. Нысанамыз режим өзгерісі емес» деді.

1027464
АҚШ шаралары Иранға қатты соққы береді

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі жоғарғы лауазым иелері президент Дональд Трамп әкімшілігінің Иранға бағытталған қатал шараларының Иран экономикасына «өте қатты соққы» беретінін білдірді.

Лауазым иелері Трамптың Иранмен атомдық келісімінен жалғыз тарапты ретінде шегінуінен кейін бүгін таңертең Түркия сағаты бойынша 07:00-де атқарылатын бірінші басқыш жөнінде мағлұмат берді.

Лауазым иелері «Иранның тұғырының өзгеруін күтудеміз. Нысанамыз режим өзгерісі емес» деді.

Еске сала кетейін бұның алдында Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мемлекетінің Иранға қарсы тарихтағы ең қатал шараларды қолданатынын айтқан еді.

 

 


Этикеттер: #АҚШ , #Иран

Ұқсас жаңалықтар