Сирияда үш оппозиция әскери тобы бірлесті

Сирияда үш оппозиция әскери тобы «Ұлттық еркіндік шебіне» қатысып, ең үлкен әскери топты құрды

1024261
Сирияда үш оппозиция әскери тобы бірлесті

Сирияда Асад режиміне қарсы соғысқан үш оппозиция әскери тобы «Ұлттық еркіндік шебіне» қатысып, ең үлкен әскери топты құрды.

Сириядағы оппозиция қайнар көздерінен алынған мағлұмат бойынша мемлекеттің солтүстік-батысындағы Идлиб және Хама провинциясының солтүстігіндегі Еркін Сирия армиясына қарасты үш әскери оппозиция тобы Ұлттық еркіндік шебіне қатысып, бірлесу шешімін жасады.

Аталмыш оппозиция әскери топтарының «Сирия азаттық шебі», «Жейшул Ахрар» және «Шукуру Шам» екені аңғарылды.

Ұлттық еркіндік шебінің лидерлігін Фадыл Аллах Әл-Хажжының жалғастыратыны білдірілді.


Этикеттер: #Сирия , #әскери

Ұқсас жаңалықтар