Ирактағы ереуілдерде 14 адам қаза тапты

Ирактағы ереуілдерде 14 адам қаза тауып, 742 адам жарақат алды.

1018234
Ирактағы ереуілдерде 14 адам қаза тапты

Ирактың оңтүстігінде жұмыссыздық және электр үзілістерін протест ету мақсатымен басталған, одан кейін астана Бағдатқа да таралған ереуілдерде 14 адамның қаза тапқаны, 700-ден астам адамның жараланғаны білдірілді.

Ирак парламентіне қарасты Адам құқықтары комитеті мүшесі Фазыл Гаррави мөлшермен екі аптадан бері үздіксіз жалғасқан ереуілдерде 14 адамның қаза тапқанын, 742 адамның жараланғанын айтты.

Мемлекеттің оңтүстігіндегі оқиғалар барысында кейбір ереуілшілердің қауіпсіздік күштері тарапынан атылған оқтың кесірінен қаза тапқанына байланысты көріністер жарияланған және оқиға үлкен наразылыққа душар болған еді.

Ирактың оңтүстік провинцияларында жұмыссыздық мәселесіне наразылық ретінде басталған ереуілдер электр үзілістерімен одан ары ушыққан еді.


Этикеттер: #Ирак , #Бағдат

Ұқсас жаңалықтар