Йемендегі бомбалы шабуылда бір генерал-майор қаза тапты

Йеменде Али Мухсин Шахинннің конвойын нысанаға алған шабуылда бір генерал-майор қаза тапты.

1015050
Йемендегі бомбалы шабуылда бір генерал-майор қаза тапты

Йеменнің Мариб провинциясында президент орынбасары генерал-полковник Али Мухсин Шахинннің конвойын нысанаға алған шабуылда Йемен армиясынан бір генерал-майор қаза тапты.

Аймақтағы қайнар көздерден алынған мәліметке қарағанда Мариб провинциясының солтүстік-шығысындағы Рувейк аймағында президент орынбасары генерал-полковник Али Мухсин Шахинннің конвойы жолдан өтіп бара жатқанда  бір бомба жарылды.

Шабуылда Бахрейн әскери кеңесшісі ретінде міндет атқарған генерал-майор Мұхаммед Салих әл-Ахмердің қаза тапқаны білдірілді.

Шабуылда жарақат алғандар болды. Президент орынбасары генерал-полковник Али Мухсин Шахин ешқандай зардап шеккен жоқ.


Этикеттер: #Йемен , #шабуыл

Ұқсас жаңалықтар