Жаһандық көш үшін келісім

Келісімге тек АҚШ қарсы шықты.

1013391
Жаһандық көш үшін келісім

БҰҰ-да жұма күні болған отырыста БҰҰ-на мүше елдер 18 айдан бері жұмыс істеп келген мәтін бойынша келісім жасалды.

БҰҰ-на мүше 193 елдің 192-сі көш тақырыбын жаһандық аяда қолға алған және босқындардың қауіпсіздігін қамдау арқылы адам алып қашыруды азайтуды мақсат еткен келісім мәтініне келісті.

Аталмыш келісімге тек Америка Құрама Штаттары қарсы шықты.  Венгрия болса шартты түрде бекітті.

«Сенімді,  тәртіпті көш үшін жаһандық келісім» деп аталатын мәтіннің заңды күші жоқ. 11-12 желтоқсан күндерінде Мароккода өтетін жиналыста қабылдануы керек.

34 беттік келісімнің мақсаты – жүйелі көш үшін жаңа көзқарас қалыптасуын қамдау және елдердің егемендік құқықтарын назарға ала отырып, мемлекеттер арасы ынтымақтастықпен жаһандық көлемде көшті сенімді жағдайға келтіру.



Ұқсас жаңалықтар