Пәкістандағы жарылыста 29 адам қаза тапты

Пәкістандағы жарылыста 29  адам қаза тапты  және 82 адам  жарақат алды.

1012189
Пәкістандағы жарылыста 29 адам қаза тапты

Пәкістанда сайлауалды митинг кезінде жарылыс болып, 29  адам қаза тапты  және 82 адам жарақат алды.

Оқиға елдің батысында орналасқан Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Банну қаласында болды. Митинг парламент сайлауына қатысатын үміткерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Жарылғыш болса шара өткен жерден 50 метр қашықтықта іске қосылған.

Қазір оқиға орнында 40 полицей жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.

 


Этикеттер: #Пәкістан , #жарылыс

Ұқсас жаңалықтар