АҚШ-та орман өртеніп жатыр

АҚШ-тағы орман өртінде  кем дегенде 130 үй өртеніп кетті.

1006977
АҚШ-та орман өртеніп жатыр

Америка Құрама Штаттарының орталық және батыс аймағында орын алған Колорадо штатында бірнеше күннен бері орман өртеніп жатыр. Орман өртінде кем дегенде 130 үй өртеніп кетті, 2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Лауазым иелері Колорадо штатының орталығы Денвердің 330 километр батысында шыққан орман өртінде кем дегенде 130 үйдің өртеніп кеткенін және 2 мыңнан астам адамның қауіпсіз жерге көшірілгенін білдірді.

Тілсіз жаумен күреске 500-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылған. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Ал Колорадо штатында 500 гектарға жуық алқап жанып кетті. Аймақтағы кейбір тас жолдар жабық тұр. 

Енді бір жағынан АҚШ-тың батысында да 60 аймақта орман өртеніп жатыр.

        


Этикеттер: #АҚШ , #өрт

Ұқсас жаңалықтар