Хоуситтер Йеменде соғыс басталғалы 814 әйелді өлтірді

Йеменде хоуситтер соғыс басталған күннен бері 814 әйелді өлтірді, 4 мың 179 әйелді болса жаралады.

1006107
Хоуситтер Йеменде соғыс басталғалы 814 әйелді өлтірді

Йемен Адам құқықтары министрі Мұхаммед Аскер Женевадағы Швейцария баспасөз клубындағы семинарға қатысты.

«Хоуситтер соғыс басталған күннен бері мамыр айына дейінгі кезеңге 814 әйел өлтіріліп, 4 мың 179 әйелді жаралады» деген Аскер хоуситтердің сондай-ақ әйелдерді қамау, шабуылдау, зорлау және ақылақтылыққа жатпайтын әдістермен жәбірленгенін атап көрсетті.

Аскер Адам құқықтары басқыншылығын Зерттеу комиссиясы мүшесі және активист Рихам әл-Бедрдің ақпан айындаақпан айында Таизде хоусит мергендері тарапынан өлтірілгенін еске салды.

Министр Мұхаммед Аскер хоуситтердің балаларға бағыттап «өлтіру, мүгедек қалдыру, күштеп әскерге қабылдау, алып қашу, мектептерге шабуылдау және зорлау» сияқты қылмыстар жасағанына да назар аударды.

Хоуситтер орналастырған миналарға да назар аударған Аскер бұл миналардың көпшілігінің әйел мен балалардан бастап, жүздеген адамның қаза табуына себеп болғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар