Ганадағы сел апатында 12 адам көз жұмды

Ганада соңғы екі аптада сел апаты салдарынан кем дегенде 25 адам ажал құшты.

1005959
Ганадағы сел апатында 12 адам көз жұмды

Батыс Африка елі Ганада тоқтаусыз жауған жауын салдарынан 12 адам көз жұмды.

Ұлттық апат және төтенше жағдай басқармасы Ашанти аймағы басшысы Joseph Assuming Босумтви қаласында екі күн жалғасқан жауын-шашынның сел апатына апарып соққанын мәлімдеді .

Сел апаты салдарынан 12 адамның көз жұмғанын баяндаған Assuming аймақта көптеген адамның жоғалып кеткенін атап өтті.

Іздеу және құтқару жұмыстарында қазірге дейін 150 адамның құтқарылғанын мәлімдеген Assuming селдің заттық жақтан үлкен шығынға себеп болғанын білдірді.

Ганада соңғы екі аптада сел апаты салдарынан кем дегенде 25 адам ажал құшты.

 

 


Этикеттер: #Гана , #сел

Ұқсас жаңалықтар