Сирияда 6 айдың ішінде 4 мың 759 жазықсыз адам өлтірілді

Сирия адам құқықтары ұйымы Сирияда жылдың алғашқы жартысында қаза тапқан жазықсыз адамдар рапортын жариялады.

1004683
Сирияда 6 айдың ішінде 4 мың 759 жазықсыз адам өлтірілді

Сирия адам құқықтары ұйымы (SNHR), елдегі топтардың қақтығыстары, шабуылдар және жәбірлеулермен қаза тапқандар жайлы жариялаған рапортында ағымдағы жылдың алғашқы жартысында 4 мың 759 жазықсыз адамның өлтірілгенін жариялады.

Рапортқа қарағанда Асад режимі алты айдың ішінде 616 бала, 507 әйел, барлығы  3 мың 56 адамды қырса, режим күштеріне әуе қолдауы берген Ресей соғыс ұшақтарының шабуылдарында 138 бала, 79 әйел 398 жазықсыз адам қаза тапты.

Террор ұйымы ДАИШ-тің аталмыш мерзімде 43 бала, 15 әйел, барлығы 182 адамды өлтіргені атап көрсетілген рапортта ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция күштерінің әуе шабуылдарында болса 113 бала, 68 әйел 254 жазықсыз адамның қаза тапқанына назар аударылған.

Бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның болса 11 бала, 18 әйел, барлығы 112 жазықсыз адамды қырғаны атап көрсетілген рапортта 167 бала, 107 әйел барлығы 704 адамды болса кім екені белгісіз тараптардың өлтіргені жазылған.

Рапортта сондай-ақ тек қана маусым айында Сирияда 593 жазықсыз адамның әртүрлі әдістермен өлтірілгеніне де орын берілген.



Ұқсас жаңалықтар