АҚШ-тағы бір шабуылда 5 адам ажал құшты

АҚШ-тың Мэриленд штатында ұйымдастырылған қарулы шабуылда кем дегенде 5 адам ажал құшты.

1002465
АҚШ-тағы бір шабуылда 5 адам ажал құшты

Америка Құрама Штаттарының Мэриленд штатында орын алған бір газеттің ғимаратына ұйымдастырылған қарулы шабуылда кем дегенде 5 адам ажал құшты.

Мэриленд штатының Аннаполис қаласындағы көне басылымдардың бірі-Capital Gazette бас кеңсесінде болған атыста бес адам қаза тапты және екі адам жарақат алды.

Capital Gazette бас кеңсесіне кірген қаскөй әйнек есіктен оқ жаудырды. Осы барыста полиция дереу килікті және қаскөйді ұстап алды.

Оқиға барысында 170 адамның тез қарқынды түрде басқа жерге апарылғаны мәлімденді.

Полицияның жасаған мәлімдемесі бойынша 38 жасындағы Jarrod Ramos атындағы қаскөй газетке бұдан бұрын әлеуметтік медиа арқылы құқай көрсеткен болатын.


Этикеттер: #шабуыл , #полиция

Ұқсас жаңалықтар