Әлем лидерлері Ердоғанды құттықтауда

Әлем лидерлері 24 маусымдағы сайлау жеңісіне орай Режеп Тайып Ердоғанды құттықтауда.

1000017
Әлем лидерлері Ердоғанды құттықтауда

Әлем лидерлері 24 маусымдағы сайлау жеңісіне орай Режеп Тайып Ердоғанды құттықтауда.

Әлем лидерлері 24 маусымда өткізілген президент және 27-ші кезекті  парламент сайлаудағы жеңісіне орай президент Режеп Тайып Ердоғанды құттықтауда. Әлемнің төрт бұрышынан Ердоғанға телефон және жеделхат келуде.

Германия Түркияда 24 маусымда өткізілген президент және депутаттық сайлауының нәтижелеріне құрмет көрсеткенін жариялады.

Президент Франк-Вальтер Штайнмайер мен премьер-министр Ангела Меркель президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалып, 24 маусымда өткізілген президент және 27-ші кезекті  парламент сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Сыртқы істер министрі Хайко Маас болса түрік сайлаушысының шешімін қабылдау керектігін және осыны құрметтегендерін атап айтты.

Маас Люксембургте жасаған мәлімдемеде Түркия сайлауын әрі Түркиямен жақын ынтымақтастықтары және Германияда өмір сүрген түрік тұрғындар себепті қадағалағандарын атап көрсетті.

Франция президенті Эммануэль Макрон да президент Ердоғанға жеделхат жолдап, 24 сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Түркия мен Еуропа Одағы арасындағы диалогтың жалғасуын тілегендерін білдірген Макрон жеделхатында «Таяуда кездесу тілегімен» деген сөздерге орын берді.

Сауд Арабиясы мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Селман президент Режеп Тайып Ердоғанды сайлаудағы табысымен құттықтады.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй және Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас та Ердоғанға телефон шалып, сайлаудағы жеңісімен құттықтады.


Этикеттер: #Германия , #Франция

Ұқсас жаңалықтар