БҰҰ Сирия үшін алаңдайды

Дара қаласындағы қақтағыстар 750 мың бейбіт халық үшін қауіпті.

997215
БҰҰ Сирия үшін алаңдайды

Сирияның оңтүстігіндегі Дара қаласындағы қақтағыстар 750 мың бейбіт халық үшін қауіпті.

БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешілерінің бірі Фархан Хак Сирияның оңтүстігіндегі Дара қаласындағы қақтығыстар салдарынан 750 мың адамның өміріне алаңдайтындарын білдірді.

БҰҰ мәлімдемешісі күнделікті брифингте Дараның шығыс және батысында жалғасып жатқан қақтығыстар және бомбалау нәтижесінде 20 адамның қаза тапқанын,  көптеген адамның жарақат алғанын айтты.

Оның айтуынша Дараның солтүстігінде болса бейбіт халық көшіріліп жатыр.


Этикеттер: #Сирия , #Дара , #БҰҰ , #қауіп

Ұқсас жаңалықтар