Еуропаның PKK террор ұйымының логистикалық базасы екені дәлелденді

Europol «2018 жылы Еуроодақта терроризм жағдайы мен тренді» тақырыпты бір рапорт жариялады.

996525
Еуропаның PKK террор ұйымының логистикалық базасы екені дәлелденді

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Еуропаны қалай қолданғаны бір рапорт арқылы дәлелденді.

Еуропа полиция ұйымы Europol «2018 жылы Еуроодақта терроризм жағдайы мен тренді» тақырыпты рапортта бөлшектеуші ұйымның Еуропадағы күрд диаспорасын қақтығысты осы жерге әкелу үшін құрал ретінде қолданғанын ортаға қойды.

Рапортта «PKK Еуроодақты қару қамтамасыз ету және ұйымға мүше жинау үшін логистикалық база ретінде қолданады» делінді.

PKK-ның жұмыстарын қаржыландыру үшін жүйелі түрде және күштеп Еуроодақтың әр жерінен ақша жинауды жалғастырғаны атап көрсетілген рапортта, ұйымның бұл мақсатпен Еуроодақта жасанды фирмаларды пайдаланғаны атап көрсетілді.

Террор ұйымының қаржы табу үшін қылмыстық жұмыстары да рапортта орын алды.

PKK-ның Францияда «Komalen Ciwan» атты мекемемен жастарды террор ұйымының қатарына тартқанын жазған рапортта «Ұйымға мүше болған жастар жоғары лауазымды PKK мүшелерінің бақылауында жанұясынан алыста «санасы өзгертілетін лагерлерге» жіберілуде. Кейін жастарға Армения, Иран және Ирактағы әскери лагерлерде соғыс тактикалары үйретіледі» делінді.

Рапортта Франция, Германия және Голландияда PKK мүшелерінің террористік ұйымға мүше болу, террорды қаржыландыру және ұйымға мүше табу сияқты әртүрлі қылмыстардан сотталғаны атап көрсетілді.

Террор ұйымына мүше 8 адамның террорды қаржыландырумен айыпталғаны Францияда PKK-ның 2017 жылы шамамен 6 миллион евроға жуық ақша жинағанын білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар