АҚШ Қытайға аумақты кеден салығын жасайтын болды

Трамп 50 миллиард АҚШ долларына жуық Қытай өніміне кеден салығын белгілеу жоспарын мақұлдады.

993294
АҚШ Қытайға аумақты кеден салығын жасайтын болды

АҚШ президенті Дональд Трамп 50 миллиард АҚШ долларына жуық Қытай өніміне кеден салығын белгілеу жоспарын мақұлдады.

Бұл кедендік салық Қытай тарабының америкалық компанияларға технологияларды өткеріп беру және басқа да зияткерлік меншік құқығын ұрлау сынды әрекеттеріне қарсы жазалау әрекеті болып табылады.

Кеше (15 маусым) АҚШ сауда өкілдері кедендік салық жазасына ұшырайтын қытайлық тауарлардың тізімін жария етті.

АҚШ пен Қытайдың сауда өкілдері екіжақты сауда теңсіздіктерін қысқарту және зияткерлік меншік құқық мәселесін шешу үшін үш раунд келіссөз өткізген еді. Тараптардың сауда өкілдері екі елдің арасындағы сауда дауын тежеуге құлшыныс жасап көрген. Олар әлемнің ең ірі екі экономикасы арасындағы сауда дауы бүкіл жаһандық саудаға кері әсер етеді деп қарады.

Бірақ АҚШ президенті Трамп Солтүстік Корея басшысымен тарихи кездесуінен қайтқаннан кейін Қытайға қуатты соққылар жасайтынын мәлімдеген.


Этикеттер: #Қытай , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар