Кездесудің құны - 20 миллион доллар

Екі лидер ертең кездеседі.

989906
Кездесудің құны - 20 миллион доллар

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның 12 маусым күні Сингапурда болатын кездесуі Сингапурға шамамен 20 миллион долларға түседі.

«Strait Times» газетінің хабарына қарағанда,  Сингапур премьер-министрі Ли Хсиен Лунг аталмыш кездесудің ел бюджетіне шамамен 20 миллион доллар салмақ түсіретінін білдірді. Осындай тарихи кездесуге қолдау беру үшін осыншама ақшаны көтеруге дайын екендерін білдерген премьер-министр: «Осы кездесудің ұйымдастырылғанына қатты көңіл бөлеміз. Кездесу өңірде бейбітшілік пен тұрақтылық орнататын оқиғалардың алдын ашады деп сенеміз» деді.

«Осы кездесуге мекен ретінде таңдалуымыз (біз талап етпедік,  бізден сұрады,  біз қабылдадық) – Синпагурдың барлық тараптармен жақсы қарым-қатынасының және халықаралық қоғамдағы абыройының көрсеткіші» деді ол.

АҚШ президенті Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким 12 маусым күні Сингапурда кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар