АҚШ соғыс ұшағы жапон теңізіне құлады

АҚШ Әуе күштеріне тиесілі F-15 соғыс ұшағы Окинава аралы маңында теңізге құлады.

990343
АҚШ соғыс ұшағы жапон теңізіне құлады

Америка Құрама Штаттары Әуе күштеріне тиесілі F-15 соғыс ұшағы Жапонияның оңтүстігіндегі Окинава аралы маңында теңізге құлады.

Азанғы уақытта Окинава аралындағы АҚШ-тың Кадена Әуе базасынан көтерілген F-15 жойғыш ұшағының аралдың 80 шақырым теңіз айдынында құлағаны, ұшқыштың парашютпен секіріп құтылғаны атап көрсетілді.

Әдеттегі жаттығу ұшу кезінде болған оқиғаның артынан жапон іздеу құтқару жасақтары құтқарылған ұшқыштың жағдайының жақсы екенін хабарлады.

Жапон лауазымдылар апаттың артынан жасаған мәлімдемемен соңғы жылдары Жапонияда АҚШ базалары айналасында жиі болған ұшақ және тікұшақ апаттарының артуы және осының жазықсыз адамдарға төндірген қауіптің алаңдататын деңгейде екенін тілге тиек етті.

Жапония Қорғаныс министрі Итсунори Онодера қажетті шаралардың қабылдануы және қайталанбауы үшін АҚШ армиясына ескерту жасағандарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар