Израиль премьер-министрі Парижде протест етілді

Еуропа туры аясында Францияда президент Эммануэль Макронмен бас қосқан Беньямин Нетаньяху Париждің әртүрлі аймақтарында протест етілді.

987063
Израиль премьер-министрі Парижде протест етілді

Еуропа туры аясында барған Францияда президент Эммануэль Макронмен бас қосқан  және Израиль маусымы іс-шаралары ашылу рәсіміне қатысқан Беньямин Нетаньяху Париждің әртүрлі аймақтарында протест етілді.

Палестинамен ынтымақтастық Газа секторындағы қырғындарды айыптау және Израильдің басқыншылығындағы жерде өндірілген өнімдердің саудасын бойкот етуді жақтаған көптеген қоғамдар Париж Шанз-Элизе даңғылы мен Лес Инвалидес алаңында жиналып ортақ наразылық шеруі ұйымдастырды.

Париждің белгілі бульвары Шанз-Элизеде жиналған жүздеген адам «Қанішер Нетаньяху құрып кет!», «Соғыс қылмыскерін соттаңыздар», «Газа сені ұмытқан жоқпыз», «Франциядағы Израиль маусымын жойыңыз» және Нетаньяху қанішер, Макрон қылмыстың ортағы» деген ұрандар тастап, даңғыл бойынша шерулерін жалғастырды.

Шамамен 500 метрдей шерулерін жалғастырған шерушілер Макрон-Нетаньяху бас қосқан Элизе сарайы мен Францияда Израиль маусымы іс-шараларының ашылу рәсімі ұйымдастырылған Гранд Палас (Grand Palais) маңында полиция тарапынан тоқтатылды.

Осында отырып, ұрандар тастаған шерушілерге даңғылдан өткендер қол шапалақтап қолдау берді.

Нетаньяхудың  сапары себепті аймаққа үш есе қауіпсіздік қызметкері қоныстандырылды.

Элизе сарайы мен Гранд Палас айналасындағы метро станцияларының есіктері жабылып, айналадағы көшелер барьерлер және полиция көліктерімен жол қатынасына жабылды.

Шерулерге қатысушылар арасында сенаторлар, депутаттар және жергілікті басшылар да бар екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар