Нетаньяху Иран тақырыбында Меркельді көндіре алмады

Меркель баспасөз жиналысында Иранмен 2015 жылы жасалған келісімге қолдау көрсететінін түсіндірді.

985851
Нетаньяху Иран тақырыбында Меркельді көндіре алмады

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иранға қарсы қатал тұғыр ұстануы жөнінде Германия премьер-министрі Ангела Меркельді көндіре алмады.

Германия премьер-министрі Ангела Меркель ресми сапармен елінде болған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен Берлинде кездескеннен кейін ортақ баспасөз жиналыс ұйымдастырды. Меркель баспасөз жиналысында Иранмен 2015 жылы жасалған келісімге қолдау көрсететінін түсіндірді.

Екі ел қарым-қатынастарын, аймақтық оқиғаларды да қолға алғандарын білдірген Меркель Иранмен ядролық келісім жөнінде Израиль премьер-министрімен бірдей көзқараста емес екеніне назар аударды.

«Иранның аймақтағы ықпалдары алаң туғызуда» деген Германия премьер-министрі Израильдің Иранмен қатысты ұсынған дәлелдердің Халықаралық атомдық энергия ұйымы тарапынан тексерілуі керектігін баяндады.

Иерусалим тақырыбында Меркель «Германияның екі мемлекеттік шешім жағында екенін қайталадық» деді.


Этикеттер: #Германия , #Иран

Ұқсас жаңалықтар